Мемлекет басшысы IT компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді

Арсен Томский Мемлекет басшысына Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты.

G42 компаниясының директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесуде цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

Бхарти Энтерпрайзиз және OneWeb құрылтайшысы әрі төрағасы Сунил Барти Митталмен кездесуде шалғай елді мекендерді интернетпен қамту үшін төмен орбиталы спутниктерді және жерүсті станциялар желісін пайдалану мәселелері талқыланды.