Ресейлік мигранттардың 65% Қазақстаннан кетті

  • 761
  • 28.09.2022, 18:08

Салалық ведомство өкілінің сөзінше, өткен аптадан бері елге 100 мыңға жуық адам кірген. Бүгінде олардың 65% елден шықты. Бір аптада Ресейден келген мигранттар бір де бір қылмыс не құқықбұзушылық жасамаған. Ішкі істер қызметкерлері: «Көші-қон процестері жіті бақылауда», – дейді.