Хабар телеарнасы

Қазақстанда бірыңғай мемлекеттік қала құрылысы кадастры енгізілуі тиіс

Министр Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, бұл жаңашылдық бейберекет және сапасыз құрылыстарды тоқтатуға мүмкіндік бермек және құрылыс ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазір құрылысты қадағалау үшін нысандарға бірегей сәйкестендіру нөмірін енгізу пысықталып жатыр.


Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Бұл шаралар құрылысты жобалау кезінде қаражатты барынша үнемдеуге және құрылыс талаптарын қатаң сақтауға мүмкіндік береді. Интерактивті карталарда бос жатқан жер учаскелері мен инфрақұрылым туралы соңғы мәліметтер болады.