ҚХП президенттікке үміткер ретінде Қ. Тоқаевты ұсынды
Қазіргі әлем үшін алмағайып заманда Президент жанына ұйысу керектігін айтты. Жиынға қатысушылар ұсынысты бір ауыздан қолдады. Партия мүшелері азаматтық коалацияға қосылуға дайын.
Асхат Асылбеков, ҚХП саяси бюро мүшесі:
-Халық партияда лайықты кандидат көп. Бірақ дәл қазіргі саяси жағдайда халықты соғысқа арандатушылық болып жатыр. Осындай кезде Тоқаев ұстанған саясаты бізге ұнайды, біз оны қолдаймыз.