Президент Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барды
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің президенттері мен Армения Премьер-министрі қатысты. Жиын барысында ТМД елдерінің басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.