Президенттікке ұсынылған Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды
Ол 1957 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Көп жылдар бойы Жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда қызмет еткен.
Нұрлан Әуесбаев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» РҚБ өкілі:
- Мен елдің патриоты ретінде өзіміздің президентті сыйлаймын. Бірақ мына додаға түскеннен кейін кім жеңбейін деп қатысады? Жеңуіміз керек. Жалпы біздің партия негізі социал-демократиялық партия. Қазір бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие. Сіздер байқаңыздар , ең дамыған елдер мысалы Еуропа елдерінде Франция, Германия, Нидерланды т.б барлығында осы біздің социал-демократиялық идеологияның принциптерімен жұмыс істейді. Біз де сол бағытта боламыз.