Ел президенттігіне тағы бір әйел кандидат ретінде ұсынылды
Ұйым мүшелері онлайн және офлайн форматта кеңес өткізіп, кандидатты бір ауыздан қолдайтындарын жеткізді. Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова мемлекеттік қызметтің түрлі сатысында еңбек еткен. Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:
- Сайлау басталады деген күннен бастап осы мәселені аналармен, өңірдегі отбасылармен қалай болады екен, жалпы әйел президенттікке кандидат болуы мүмкін бе деген мәселе талқыланған. Өзара көп сөйлестік. Сөйтіп осындай шешімге келдік.