Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен шахтаға түсті
Мейрам Зекешұлы алдымен өндірістің асханасында болып, жұмысшылардың ас мәзірімен танысты. Содан соң медициналық тексеруден өтіп, Анненский кенішінің шахтасына түсті. Бірінші горизонт +170 су ағызу учаскесінде болды.
Берік Бектасов, учаскі басшысының орынбасары:
- Біз қазір 250 м тереңдікте тұрмыз. Бұл жер су айдау уческесі. Суларды жоғары қарай айдаймыз. Бұл жерде 92 адам жұмыс істейді.
Одан кейін горизонт -90 деңгейіне тау-кен механизмдерін жөндеу пунктіне түсті. Бұл шамамен 350 м тереңдік.
Кандидат кеншілерге сайлауалды бағдарламасын қысқаша таныстырды. Еңбек адамдарының ұсыныстарын да тыңдады. Айта кетейік, бұл кәсіпорын елдегі ірі өндірістік бірлестіктердің бірі. Кеннің жалпы тереңдігі шамамен 900 метр.