Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанымен Қостанайға барды
Емделушілермен тілдесіп, мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ емхана қызметкерлерімен де кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жалпы бұл емхана 80 мың адамға шақталған. Қазір 70 мыңға жуық тұрғын ғана тіркелген. Дәрігерлер күніне 1 мың науқасты қабылдай алады.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:
-Әуежайдан бірден төртінші поликлиникаға келіп отырмыз. Неге десеңіздер бұл жерде ең бірінші халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын білгіміз келді. Халықтың қандай мұңы бар, қандай бізге айтар ескертулері бар.