Хабар телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев Астанадағы жатақхана тұрғындарымен кездесті

Мұнда тұратындардың дені жұмысшы. Олар еңбекақыларының аз екеніне шағымданды. Сайлауалды бағдарламасын таныстарған кандидат сайлаушылардың сұрақтарына да жауап берді. Нұрлан Әуесбаев науқанға сай жоспарланған 60-қа жуық іс-шараның 40-қа жуығын өткізді. Бүгінге дейін 7 аймақ аралады.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:
- Шәкен Айманов көшесіндегі жұмысшылар жатақханасында кездесу болды. Жатақхананың жағдайы шынында да өте ауыр және басқа да толып жатқан проблемалар бар. Тұрмыс жағдайлары да қанағаттандырмайды. Сондықтан өткір-өткір сұрақтар қойылды. Енді өз кезегінде мен де тиісті сұрақтарға жауаптарын бердім. Осы бағытта болды.