Тұрсынбекова Маңғыстау облысында жауынгерлердің аналарымен кездесті
Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Аналардың сұрақтарына жауап беріп, қазір әскердегі қордаланған мәселелерді талқылады.
Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:
-Әскери прокуратураның мәліметтері бойынша, 10 жыл бұрын еліміздің ҚК қатарында 91 адам көз жұмған. Оның 26-сы әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі. Ал 2009 жылы әскери бөлімдерде суицид жасаудың 39 дерегі тіркелген. Құқық қорғау органдарының ресми дерегі бойынша былтыр Қазақстан армиясында 16 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ал биыл суицидке итермелеу фактісі бойынша 10 шақты қылмыстық іс қозғалған.