Еуроодақ Қазақстан билігі жүргізіп жатқан реформаларды қолдайды
Бұл туралы Джозеп Боррель кездесуден кейін өткен брифинг кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Биыл тоғыз айдың ішінде өзара тауар айналым 29,5 миллиард долларға жетті. Алдағы уақытта Қазақстан Кәрі құрлықпен ауыл шаурашылығы, цифрландыру көлік логистика, салаларында әріптестікті арттыруға ниетті. Осы тұста Жоззеп Баррель, Еуропалық Одақ санкцияларының Қазақстан экономикасына ешқандай теріс әсері болмайтынын айтты.
Жозеп Боррель, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі:
- Ресейге салынған санкциялар тікелей соғысты қаржыландыратын салаларды қыспаққа алуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы, тыңайтқыш өндіруге мұның әсер етпейді. Бұл мәселе бойныша біз жан-жақты талқылау жүргіздік. Санкциялар үшінші елдердің экономикасына кесірін тигізбейді. Егер қандай да қиындық болса, біз бірлесіп шешу жолдарын қарастыруға дайынбыз.