Жигули Дайрабаев дауыс берді
Ол Елордадағы нөмірі 396-шы сайлау учаскесіне отбасы мүшелерімен бірге келді. Таң сәрімен өз таңдауын жасап жатқан халықтың қарасы көп. Естеріңізге сала кетейік, бас қала 406 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Жигули Дайрабаев, ҚР президенттігіне кандидат:
-Бүгінгі біздің № 396 учаскесінде байқадыңыздар, сағат 6:30 таңғы мына сайлаушылар жинала бастады. Мен де өзім ерте келдім. Бүгін өзімнің немерелерім, інілерім, келіндерім, жолдасым ерте келдік. Бұл әрбір қазақстандықтың өміріндегі үлкен саяси оқиға, мереке. Сондықтан мен ойлаймын, әрбір қазақстандық, бұл мерекені өз деңгейде өткізуге атсалысады.