Абай облысында 475 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Өңірде 475 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Аймақта 417 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Ал облыс орталығы Семей қаласында 149 сайлау учаскесі ашылды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, өңір сайлаушыларының 25 проценті дауыс беріп үлгерген. Айта кетейік, өңір бойынша 10 мыңға жуық жас алғаш рет дауыс бермек. Соның бірі – Мерей Махабеков. «Дауыс беру, таңдау жасау – еліміздің әр азаматының парызы», – дейді ол.
Мерей Махабеков, қала тұрғыны:
-Таңертең ертерек тұрып, осы сайлауға келуді көптен армандап жүр едім. Бұған дейін жасым келмеді. Бүгін таңғы жетіде өз участігіме дауыс беруге келдім. Әр азаматтың міндеті деп санаймын.