Халық әртісі Роза Рымбаева дауыс берді
Бұл участок номері 17-ші жалпы білім беретін мектеп-интернатта орналасқан. Әншінің айтуынша, бұл сайлауда әр адамның таңдауы маңызды. Халық елдегі саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық борышын орындау керек. Өйткені, сайлау елдің ертеңін айқындайды. Сонымен қатар сайлау жастарды отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеудің бір қадамы, — дейді әнші.
Роза Рымбаева , Қазақстанның халық әртісі:
- Міне тарихи кезең Қазақстан халқының өмірінде. Әрбір азаматтың белсенді осы сайлауға қатысып, дауыс беруі өте маңызды. Сондықтан мен өзімнің азаматтық борышымды өтеуге келіп тұрмын. Қазір құдайға шүкір күнде жақсы, адамдар келіп жатыр, дауысын беріп жатыр.