Мәулен Әшімбаев: Үкімет құрамы өзгеруі мүмкін
Оның айтуынша, 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында Мәжілісті сайлау жоспарланып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сай сайлау өткеннен кейін Үкімет отставкаға кетіп, жаңа Министрлер кабинеті жасақталады. Құрам толық өзгермеуі мүмкін. Кадрлық ауыстырулар туралы шешім Үкіметтің әрбір мүшесінің атқарған жұмыстарына, тиімділігіне байланысты қабылданатын болады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Мәжілісте нақты министрлер, Үкімет мүшелері лауазымдарына кандидатуралар талқыланатын болады. Мемлекет басшысы әр Үкімет мүшесіне тиісті бағасын береді деп ойлаймын. Мәжіліс сайлауынан кейін болатын өзгерістер Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.