Сенатор Әли Бектаев Үкіметке депутаттық сауал жолдады
Айтуынша, еліміздегі көкөністің басым бөлігі тап осы өңірде өсіріледі. Жылына 91 мың тонна өнім шығарады. Бірақ саланың дамуына коммуналдық қызметтердің қымбаттығы қолбайлау болып отыр. Әсіресе жылумен қамту құны Өзбекстандағы көкөніс өсірушілерлермен салыстырғанда екі есе жоғары екен. Сондықтан болар отандық диқандарға еркін бәсеке туындатып отырғандардың бірі де сол көршіміз. «Осыған байланысты отандық шаруаларға қосымша көмір бөлу түрінде мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастыру керек», – дейді депутат.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Әсіресе өздері ұрық шығарып, көшет өсіріп, оларды егіп, өнім алып жатқан жылыжайларды мемлекеттік қолдау өте маңызды. Сондықтан ұрыққа, көшетке, коммуналдық шығындарды төмендетуге арналған қосымша қаржы тетіктері қаралу керек. Проблемаларды Үкімет деңгейінде арнайы қарап, кешенді шешімдер қабылдау қажет деп есептейміз