Хабар телеарнасы

Сайлау бюллетендерін фотоға түсіруге тыйым салу ұсынылды

Дауыс беру аймағында бюллетеньді фотоға түсіруге, оны әлеуметтік желіде таратуға бола ма? Осы өзекті мәселе Орталық сайлау комиссиясындағы сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысында қаралды. Халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, біздегі заңнамаға түзетулер енгізу ұсынылды. Басты мақсат – сайлаушылардың таңдау еркіндігін шектеуі мүмкін деген кедергілерді жою.