Хабар телеарнасы

Сайлау 2023: «Байтақ» жасылдар партиясы үміткерлер тізімін ұсынды

Олардың жалпы саны — 18. Әйелдер квотасы бойынша 4 азамат, жастар квотасымен — 1 және мүгедектік бойынша — бір кандидат бар. Сондай-ақ 4 азамат мажоритарлық жүйе бойынша өзін-өзі ұсынған. Аталмыш саяси ұйым ресми түрде биыл тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы бұл партияны Парламенттің кезектен тыс сайлауына жіберу туралы қаулыны кеше қабылдады.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
-Біз енді халықтан шықтық қой. Мысалы, партиялық сайлауға қатысуға үлкен қаражат керек. Сондықтан біз мына жақтағы мүмкіндікті, тәуекелдікті азайту үшін екі жақтан да шығайық деп отырмыз. Сонымен қатар мажоритарлықта біздің адамдарымыз болуы керек. Партиямыз қазіргі уақытта жаңа туған сәби сияқты ғой. Сондықтан біз осыған жұмыс істеп жатырмыз.