«Адал сайлау үшін» штабы жұмысын жандандырады
Сайлауға дайындық барысында «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Адал сайлау үшін» штабы жұмысын жандандырады. Заңгерлер тұрғындарға сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіреді. Саяси науқанға қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіп, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйым өкілдерімен бірлесе жұмыс істейді.