«AMANAT» партиясы кандидаттар тізімін бекітті
«AMANAT» партиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін бекітті. 90 адам партиялық тізіммен, тағы 29 адам бір мандаттық округ бойынша саяси додаға қатысады. Бұл құрамда әйелдер, жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар. Делегаттар партияның сайлауалды бағдарламасында бекітті. Құжаттың толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде жарияланады.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы
- «AMANAT» партиясы мәслихаттарға 3821, ал мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Бұл құрамда барлық өңірдің, барлық саланың өкілдері бар. Олар беделді, білімді, білікті тұлғалар, нағыз патриот тұлғалар. Олардың артында өздеріңіздей адал партияластар бар. Қалың орман халқымыз бар.