«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын ұсынды
Қабылдау орталығы тапсырылған құжаттардың мұқият тексерілгенін және ескерту жоқ екендігін айтты. Саяси ұйым төрағасы Ерлан Қошанов мәлім еткендей «АМАNАТ» партиялық тізімі 75% жаңарған. Мәжіліс сайлауына партия тарапынан 119 кандидат, мәслихаттар сайлауына 3 мың 821 үміткер қатысады.
Елнұр Бейсенбаев, «АМАNАТ» партиясының атқарушы хатшысы:
-«АМАNАТ» партиясы Орталық сайлау комиссиясына кешегі біздің өткен сьездің қортындысы бойынша өзіміздің партиялық тізім бойынша өкілдерімізді тапсыруға келдік. Кеше сьезде 2 мыңнан астам азамат қатысты. Бүкіл еліміз бойынша барлық деңгейдегі маслихаттарға 3 мың 821 кандидаттың тізімін, сондай-ақ, мәжіліске 119 азаматтың тізімін ұсындық. Оның ішінде Орталық сайлау комиссиясына 90 азаматтың партиялық тізімімен келіп ұсынып отырмыз.