Хабар телеарнасы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясын бастады

Құрамында 11 халықаралық сарапшы жұмыс істейді. Ал ұзақ мерзімді 32 байқаушы өңірлерге жіберіледі. Бұдан бөлек сайлау күні тағы 300-ге жуық бақылаушы шақырылады деп жоспарланған. Айта кетейік ұйым бұл жолы да 30 жылдық тәжірибедегі халықаралық әдістемеге жүгінеді. Сондай-ақ олар БАҚ-тағы ақпараттарды, үгіт-насихат жұмыстарын, науқандағы қоғамның белсенділігін де бағалайды. Ал негізгі қорытындыны мамандар сайлаудан кейін ресми жариялайды.

Оуэн Мёрфи, миссия басшысы:
-Біз Сыртқы істер министрлігі және Орталық сайлау комиссиясымен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Бұл — маңызды және сол ынтымақтастық үшін, жұмыс істеуімізге материалдық техникалық көмек көрсетілгені үшін алғыс айтамын. Миссияны орындау барысында ашық екенімізді, тәуелсіз ұйым екенімізді атап өткім келеді.