Хабар телеарнасы

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімімен лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша Біртанов 5 жылға, Әбішев 4 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Олардан Денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат ортақ өндірілді. Осы үкіммен келіспей, сотталғандар мен олардың қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағымданған еді. Сот алқасы апелляциялық шағымдарда келтірілген дәлелдемелерді зерттеді. Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.