«Байтақ» жасылдар партиясы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр
Атырау облысындағы саяси құрылым өкілдері өз кеңсесінде қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеумен айналысатын кәсіпорын ұжымымен кездесті. Жүздесу аясында серіктестік қызметкерлеріне алдағы науқанның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Аймақтағы өткір мәселелер көтеріліп, шешу жолдары пысықталды. Атырау облысы елімізде экология жағынан қолайсыз өңірлердің бірі. Көлік санының артуына байланысты ауаның ластану деңгейі де жоғары. Өңірде құрғақшылық мәселесі де жылдан жылға күрделеніп келеді. Айта кетейік, партиялық тізім бойынша облыстан Мәжіліс депутаттығына 1 кандидат тіркелген. Мәслихаттар сайлауында 15 үміткер бақ сынайды.
Амандық Байқұтов, өңірлік штабтың үйлестірушісі:
-Кездесу барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар ұжым тарапынан өздерін мазалаған сұрақтар қойлып, жауап берілді. Жалпы кездесу екі тарап үшін өте пайдалы өтті деп есетейміз.