«Байтақ» жасылдар партиясы елордадағы ЖЭО-да болды
Республикалық штабтың басшылығы мен саяси құрылым мүшелері еңбек ұжымымен кездесіп, тұғырнаманың басым бағыттарын түсіндірді. Елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформа төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Жүздесу аясында жылу орталығын газдандыру, қоршаған орта, жасыл экономика, жұмысшыларды әлеуметтік қорғауға қатысты ұсыныстар тыңдалды. Айта кетейік, шаһарды жылумен қамтып отырған ең ірі екінші орталықта қазір мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жиын барысында партия белсенділері Екібастұз жылу орталығының ұжымымен де онлайн кездесу ұйымдастырды.
Уәлихан Асқарбеков, жылу орталығының қызмет басшысы:
- Өздерінің сайлауалды бағдарламасын толық бізге жеткізді. Біз көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. Көкейімізде жүрген сұрақтарға толық жауаптарды алдық. Кездесуіміз еркін, ашық өтті деп ойлаймын.