Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында саяси науқанға дайындық жүріп жатыр

Қарағандыда өткен көшпелі семинар-кеңесте кәсіби мамандар сайлау комиссиясының мүшелеріне саяси науқанды қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін үйретіп, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Семинарға Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбилә Мұстафина қатысты. Қазір Қарағанды облысында барлығы 654 сайлау учаскесі болса, комиссия мүшелерінің саны 5,5 мыңнан асады.