AMANAT партиясының өкілдері Ақтөбе облысындағы сайлаушылармен кездесті
Іс-шараға өңір жұртшылығы, кәсіпорындардың еңбек ұжымдары мен дәрігерлер қатысты. Штаб мүшелері жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Мұнан соң, партиялықтар арнайы киім шығаратын кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Онда бірқатар мәселе талқыланды. Штаб мүшелері өңірдегі мәдениет және спорт қызметкерлерімен де жүздесіп, сайлауалды жұмыстары жайлы ақпарат берді.
Бердібек Сапарбаев, AMANAT РСШ мүшесі:
-Әрбір ұлтты, мемлекетті, басқа ұлтқа, мемлекетке таныстыратын, бірден бір ол мәдениет, өнер, спорт. Ең негізгі мәселе, әрине, ол біз елдің бірлігі мен тыныштығын сақтауымыз керек. Егер бірлікпен тыныштық болатын болса, онда даму болады, жағдайымыз жақсарады, ең негізгі мәдениет пен спортты дамытуға мүмкіндік туады.