Хабар телеарнасы

«Байтақ» партиясының өкілдері жас жазушымен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясы тұрғындармен кездесулерін жалғастырып жатыр. Партия белсенділері жас жазушы Жәмиля Бахтиярқызының студенттермен кездесуін ұйымдастырды. Он жыл өмір үшін күрескен қаламгер «Бәйшешек» кітабындағы мотивациялық ойларымен бөлісті. Сонымен қатар «Байтақ» өкілдері саяси ұйым бағдарламасы туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайрат Айтбай, «Байтақ» жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы:
-Өзіміздің партиямыздың атынан, басшымыздың атынан шығармашылық табыстар тіледі. Біздің партиямыздың бағдарламасына сәйкес келіп отыр. Біз оған түсіндіріп айттық өзіміздің бағдарламамызды. Ол өзінің кітабының мазмұнын түсіндіріп айтты.