Хабар телеарнасы

Сайлау 2023: сарапшылар не дейді? LIVE

Таңнан бері Астанада «Сайлау-2023» атты 16 сағаттық онлайн марафонын өтіп жатыр. Шара түнгі 1-ге дейін жалғасады. Оған белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері, өнер жұлдыздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері атсалысып жүр.  Қазір аталған алаңнан Дамир Берікұлы тікелей байланысқа шығады. 

Дамир Берікұлы, тілші:
-Мұнда пікірталастар өте қызу жүріп жатыр. Сарапшылар тек сайлау туралы ғана емес, Президенттің саяси реформалары, елдегі оң өзгерістер, болашаққа деген болжам, мәслихаттардың маңыздылығы, әлеуметтік-экономикалық даму, қала берді, халық пен билік арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек дегенге дейін талқылап жатыр. Ал негізгі тақырып, ол, әлбетте, бүгінгі сайлау. Оның бұрынғылардан айырмашылығы қандай? Оны біз ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбайдан сұрап білсек. 

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Тағы да бір рет естеріңізге сала кетейін, бұл онлайн марафон түнгі сағат 1-ге дейін болады. Ал түнгі 12.00-де дауыс берудің алдын ала нәтижесі бойынша Exit-poll қорытындысы жарияланады.