Еxit poll нәтижелері бойынша 6 партия Парламентке өтеді
Кешегі сайлау бұрынғыдан өзгерек. Еxit poll нәтижелері бойынша 6 партия парламентке өтеді. Былтыр енгізілген нормаға сай, ең төменгі дауыс межесі 7-ден 5% қысқарған. Саяси науқанда 54,19% қазақстандық өз таңдауын жасады. «Сайлау шынайы әрі еркін болғанын 700-ден астам халықаралық байқаушы және партиялардың 40 мыңға жуық өкілі мақұлдады», — дейді сарапшылар.
Олжас Дүйсенбаев, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ сарапшысы:
-Бұрынғы 80% деген тарихтың еншісінде қалды. Біз жаңа шынайылыққа, реалиге келіп отырмыз. Өзін оппозициялық партия деп жүрген Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мына қабырғаға ілініп тұрғаны, Ауыл партиясының келгені, үлкен күш екенін көрсетіп отыр. Біз саяси бәсекені еркін ағымға жіберіп отырмыз.