Хабар телеарнасы

Президент Үкіметте бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі, Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі, Азамат Есқараев Әділет министрі, Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі, Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі, Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі, Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі, Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі, Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды.

Энергетика министрлігіне жаңа басшы келді, бұл салаға Алмасадам Сәтқалиев жетекшілік ететін болды. Ал бұған дейін энергетиканы басқарған Болат Ақшолақов Мемлекет басшысының өкімімен Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.