Хабар телеарнасы

Тоқаев құқық қорғау органдарының алдына азаптау мен қатыгездікті толық жою міндетін қойды

 «Біз зұлымдықпен жүйелі түрде күресуіміз керек. Сондықтан осыған қарсы іс-қимылдың еуропалық стандарттарын зерделеп, тәжірибе алмасу маңызды. Алматыда өткен халықаралық конференцияда Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов», — осылай деді. Қатігездік пен азаптауға тыйым салу бүкіл әлемде халықаралық шарттармен бекітіліп, ұлттық заңға да енгізілген. Орталық Азияның барлық бес елінің Конституциясы да оған тыйым салады. Жиынға еуропалық сарапшылар, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанның құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Ризабек Ожаров, ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар қызметінің бастығы:
-220 қылмыстық іс бар бізде, өндірісте бар, қазіргі таңда азаптауға қатысты. Сонымен қатар арызданушылардың біздің өзіміздің тергеу әрекеттері бірнеше бағытта жүргізіледі. Ол ең бірінші олар алдын ала тергеу сатысында келген арыздарды қараймыз. Одан бөлек, соттың қарауында сотталушылар осындай тергеу әрекеттеріне немесе пенитенциарлық мекемелерде азаптаулар қолданды деп, арыздары болса оны да тексереміз.

Клаус Нойкирх, Еуропа кеңесінің ынтымақтастық бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі директоры:
-Қазақстан өлім жазасынан бас тартты. Бұл — өте маңызды қадам. Біз осы бағытты қолдаймыз. Сіздерде конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін адам құқықтары жөніндегі органның ролі арта түсті деп ойлаймын. Біз Еуропа кеңесінің атынан өз тарапымыздан көмек беруге және бірге жұмыс істеуге дайынбыз.