Хабар телеарнасы

Даниал Ахметов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Ол аймақты 2014 жылдан бері басқарып келді.

Ал Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.