Хабар телеарнасы

Қазақстан посткеңестік елдер ішінде инвестиция тарту жағынан 1-орынға шықты

Біріккен Ұлттар ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы 2022 жылғы Дүниежүзілік инвестиция есебін жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанға 6,1 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 83% көп. Әрі рекордтық көрсеткіш. Ал Қазақстаннан кейінгі орындарға 2,5 млрд доллармен Өзбекстан, 2,2 млрд доллармен Литва, 2 млрд доллармен Грузия, 1,6 млрд доллармен Беларусь елдері жайғасқан. Ал Украина өткен жылы 848 млн доллар инвестиция тарта алса, Ресейге қаржы құю керісінше 18,7 млрд долларға кеміген. Сондай-ақ Әзербайжанға да инвестиция салатындар азайыпты. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше олар былтыр $1,7 млрд доллар жоғалтқан. 

Жандос Темірғали, «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасының орынбасары:
-Қазақстан жылдан жылға инвесторлар үшін тартымды ел болып келеді. Бұрын инвестициялардың көбі тау-кен саласына құйылса, қазір қайта өңдеу саласының үлесі басым. Одан бөлек, баламалы энергия көздерін өндіру бойынша да біздің ел бүгінде посткеңестік кеңістікте бесінші орында.