Үкімет басшысы SINOPEC корпорациясының президентімен кездесті
Әлихан Смайылов қытайлық корпорацияның қатысуымен елімізде бірнеше маңызды жоба жүзеге асқанын атап өтті. Оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытының модернизациясы да бар. Sinopec компаниясы еліміздегі басқа да перспективалық жобаларға қатысуға ниетті. Юй Баоцай энергетикалық жобалармен қатар мұнай-газ саласында Қазақстандық мамандарды кәсіби тағылымдамадан өткізуге бастама көтерді.