Хабар телеарнасы

Түркістан облысында сайлауға дайындық басталды

Елімізде 5 қарашаға белгіленген аудан, қала, республикалық маңыздағы қала әкімдерін сайлауға әзірлік жүріп жатыр. Кандидаттарды тіркеу 16 қыркүйектен бері жалғасуда. Ол сайлау күніне бір ай қалғанда аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы берген мәліметке сүйенсек, саяси науқан 3 қала мен 42 ауданды қамтиды. Солардың бірі – Түркістан облысында.

Бұл өңірдегі Созақ, Бәйдібек, Шардара және Мақтаарал аудандарының әкімдері қайта сайланады. Бір ғана Созақ ауданында 35 мың 600 сайлаушы, 39 сайлау учаскесі бар. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы айқындалып, 254 сайлау комиссиясының мүшесі бекітілген. Қазір күнтізбелік жоспар бойынша, мамандарды оқыту жұмыстары жүргізілуде. Олар алдағы уақытта халықпен кездесіп, заң талаптарын түсіндіреді. Айта кетейік, аудан әкімі сайлауына үміткерлер, саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну жолымен түседі.

Әбубәкір Сахиұлы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Медиа алаң жасасақ деп отырмыз. Күнде келіп осы жерде топырлап, учаскелік сайлау комиссияларың, біздің уақытты алғаннан көрі белігілі бір уақыт белгілеп, медиа алаңда күнделікті атқарылған жұмысқа жауап беріп, болмаса түсетін сұрақтарға сол жерде жауап беріп отырсақ деп отырмыз. Оған аумақтық сайлау комиссиясынан бір адам бекітілді.