Ғалиасқар Сарыбаев репетиторлық қызметті заңдық тұрғыда реттеу мәселесін көтерді
Олар қазір жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп жұмыс істейді. Әр баланы қосымша дайындағаны үшін ақы алады. Сөйте тұра білім беру мекемелерінің өзге де органдардың бақылауына жатпайды. Сондықтан ондағы қызметкерлердің қандай стандартпен жұмыс істеп жатқаны, мұғалімдердің біліктілік деңгейі белгісіз. «Осыған орай аталмыш қызметті мемлекет тарапынан реттейтін кез келді»,— дейді депутат. Ол ұйымдардағы оқушылардың санитарлық жағдайы, топтағы балалардың саны, шәкірттердің қауіпсіздігі де назардан тыс қалмауы керек.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ең өкініштісі, ҰБТ орталықтарының ешқайсысы нәтижеге кепілдік бермейді. Иә, репетиторлық қызмет көрсету нарығы болуы қажет. Алайда конституцияға сәйкес балалардың қауіпсіздігіне, біліміне, денсаулығына мемлекет кепілдік беруі керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жеке репетиторлық қызметті реттеудің құқтық негіздемелерін әзірлеуді сұраймын.