Хабар телеарнасы

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Украинадағы ушыққан жағдай. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте шұғыл жиын өткізді. Жиында Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар Үкімет басшысы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз етуге қатысты мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндет қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.