Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.