Әскерилердің әлем чемпионаты Астанада өтеді
Иран астанасы Тегеранда Халықаралық әскери спорт кеңесі Азия елдерінің өкілдері бас қосты. Жиында тамыз айында тұңғыш рет Астанада өтетін әскерилер арасындағы әлем чемпионаты жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қазақ елінен барған мамандар жергілікті спортшыларға төл күресімізден шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отыр.
Арман Әбеуов, ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт коммитетінің төрағасы :
-Осы күндерде Тигерен қаласында әскери спорттық ұйымы конференциясы өтіп жатыр. Біз үшін ол өте маңызды шара. Себебі биыл тарихта бірінші рет әлем чемпионаты қазақ күресінен Астана қаласында өтеді. Осы тағы да басқа қазақ күресінен де басқа спорт түрлерін осы «Сезім» бағдарламасын енгізуді біз қарастырып жатырмыз.