Хабар

Алматыда кәсіпқой күрес лигасы өтті. Спорт жаңалықтары

Үндістан астанасы Делиде қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды. Бозкілем бәсекесіне 20 елдің балуандары жиналды. Білекті қыз-жігіттер сегіз салмақта белдеседі. Делидегі біріншілік біріккен күрес әлемінің күнтізбесіне енген. Сондықтан әлем чемпионаты арнайы комитет мамандарының бақылауымен өтіп жатыр.

Жарыс алдында төрешілер мен жаттықтырушыларға арнайы семинар ұйымдастырылып, шетелдіктер қазақ күресінен емтихан тапсырды. Жалпы саны 12 төреші әлем чемпионатында қазылық жасауға рұқсат алды. Делидегі білектілер сайысы екі күнге созылады.

Әлемнің айтулы балуандарын жинаған жарыста жергілікті қыз-жігіттер де өнер көрсетіп, мықтылармен шеберлік байқасты.

Жекпе-жек тәртібімен өткен кездесуде әлем және Олимпиада чемпиондары белдесу көркін қыздырды. Азамат Дәулетбеков Магомедхабиб Кадимагомедовтың осал тұсын тапты. Есеп: 4:0. Әйелдер арасындағы бәсекеде Жәмила Бақбергенова қырғыз қызы Айпері Медетқызымен кездесіп, 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Алматыдағы күрес кешінің басты белдесуі әлем чемпиондары Ризабек Айтмұхан мен Америкалық Кайл Снайдер арасында өтті. 97 келі салмақта кілемге шыққан балуандардың кездесуі аса тартысты өте қоймады. Тәжірибелі Снайдер 8:0 есебімен басым түсті.