Хабар

Астанада ұлттық спортзал ашылды

Енді астаналық оқушылар дене шынықтыру сабағында садақ пен найза ата алады. Одан қалса, арқан тартысуға, қап көтеріп, ләңгі тебуге де мүмкіндік бар. Себебі қаланың 12 мектебінде Бала Толағай атты ұлттық спортзал ашылды. Онда асық, садақ, найза сынды ұлттық ойындарға керек-жарақтының бәрі бар. «Бұл өскелең ұрпақтың дамуы үшін ғана емес, олардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін де маңызды қадам»,дейді депутаттар.  

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Мектептегі спортзал десе көз алдымызға бірден волейбол, баскетбол, футбол осындай елестейді, иә? Ал енді неге дене шынықтыру сабағы деген кезде немесе спорт зал деген кезде неліктен өзіміздің ұлттық ойындарымыз елестемеске деген ой келеді, иә?

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Біз енді көтеріп жатырмыз мәселе - кез келген мектеп ашылған кезде, ұлттық спортқа бөлек зал ашылу керек. Ұлттық спорт далада жетім қалмау керек, өз елінде өгей болмау керек.