Ақтөбе баскетболдан мектеп оқушыларының арасындағы «Әлжан» лигасы мәреге жетті. Балалар баскетболын дамыту мақсатында осымен қатарынан екінші жыл ұйымдастырылып отырған жарысқа биыл 70-тен астам мектеп командалары қатысты. Іріктеуден іркелмей өткен командалар финалдық кезеңде де бар шеберліктерін көрсетті. 5-ші және 6-шы сынып оқушыларының сайысында нөмірі 30-шы мектептің өрендері топ жарса, ұлдар арасында 17-ші гимназия командасы бас жүлдені иеленді. Ал 5-ші және 6-шы сынып оқушыларының финалдық кезеңі Хромтауда өтіп, нөмірі 20-шы мектептің шәкірттері жеңіс тұғырынан көрінді.
Дмитрий Чмил, жарысты ұйымдастырушы:
-Бұл жоба осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты жас өрендердің баскетболға деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. «Әлжан» лигасының арқасында қазір еліміздің түкпір-түкпірнде балалардың спорттық ойындарға ынтасы артып, баскетболда бәсекелестік пайда болды. Оқушылар лигасында оза шапқандар келешекте ел намысын абыроймен қорғайды деген сенімдемін.