Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны жеңді. Спорт жаңалықтары

  • 328
  • 09.04.2025, 19:01

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасының төртінші турында өз алаңында Арменияны қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жерлестеріміз турнир кестесіндегі жағдайын біршама түзеп алды. Дәлірек айтсақ, екінші орынға көтерілді. Топ басында Люксембург. Кешегі болған кездесуде Әмина Бибосынова қос голдың авторы атанса, Әйгерім Айтымова командаға жеңіс әкелді. Естеріңізге салайық, Қазақстан құрамасы С тобында Армения, Люксембург, Лихтенштейн құрмаларымен сынға түсіп жатыр. Енді жерлестеріміз 30 мамырда өз алаңында Лихтенштейнді және 3-ші маусымда Люксембургті қабылдайды. Осы ойындарда ұпайдан шашау шығармаса жоғарғы топқа жолдама алатын мүмкіндік бар.   

Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнамға жол тартты.

Рикардо Кака жаттықтыратын жігіттеріміз Хошимин қаласында осы елдің ұлттық құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Келер жылы Латвия мен Литвада өтетін Еуропа біріншілігіне Қазақстан құрамасы жолдама ала алған жоқ. Дегенмен тағы бір мүмкіндік бар. Топта екінші орын алған 8 құрама 4 жұпқа бөлініп, үйде және қонақта екі ойын өткізеді. Жеңімпаздардың құрлық додасына қатысады. Қарсыласымыз 15 мамыр күні белгілі болады. Ал ойындар қыркүйек айында өтеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері осы жолы 14 ойыншыға шақырту берді. Олардың арасында жастар да бар.