Астанада Көкпар федерациясының кезектен тыс жиыны өтіп, оған депутаттар мен спорт мамандары және ардагерлер қатысты. Басқосуда тек көкпардың емес, ұлттық спорт түрлерінің жай-күйі жан-жақты талқыланды. Федерация басшылары өткен жылды қортындылап, алдағы күндердің жоспарын бекітті.
Жиында Көкпар федерациясының жаңа басшысы сайланды. Бауыржан Әбдірашитұлының орнына Айдарбек Қожаназаров тағайындалды. Жаңа басшы көкпардың көсегесін көгерту жолында көп істерді атқаратынын мәлімдеді. Бірқатар бастамаларын да таныстырды. Оның ішінде «Қазақстан Көкпар Лигасын» жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жақында жастар арасындағы ел біріншілігі өтеді. Бүгінгі отырыста осы жарыстың жеребесі де тартылып, ережесі де бекітілді.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Көкпар федерациясының президенті:
- Осы аттың иегелерін және аттың жаттықтырушыларын ынталандыру мәселесін көтерейін деп жатырмыз. Себебі біздің енді шабандоздарымыз мықты, білектірі мықты. Бірақ ат жағынан айғырларымызды даярлау жағынан біз осы өзіміздің көршілеріміз қырғыздарға ұтылып жатырмыз. Егерде сол мәселені өзіміздің қолымызға алсақ, онда біздің көкпар құрамамызға ешкім жете алмайды деп ойлаймын.