Қызылордада бокстан жастар ойындары өтіп жатыр

  • 937
  • 23.04.2025, 18:43

Сыр елінде бокстан жастар ойындары бастады. Бұл төрт жылда бір ұйымдастырылатын кешенді жарыс.

Алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі турнирді биыл Қызылорда қаласы қабылдады. Жастар арасындағы жарысқа қызығушылық өте жоғары. Биыл да еліміздің әр бұрышынан 300-ден аса үміткер келіпті. 16-17 жастағы өрендер бір апта бойы бірнеше салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өз ара жеңімпаздары анықтайды.

Қызылордадағы бокс бәсекесі 27-ші сәуірге дейін жалғасады.