Қызылордада жастар ойындары жалғасып жатыр. Бұл төрт жылда бір ұйымдастырылатын кешенді жарыс. 34 спорт түрін қамтитын дүбірлі дода дәстүрге айналып, осы жылы былғары қолғап шеберлерінің жарысы Сыр еліне сеніп тапсырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден аса үміткер бірнеше салмақ дәрежесінде сынға түседі. Нақтырақ айтсақ, 16-17 жастағы ұлдар 13, қыздар 12 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салады. Жартылай финалға шыққандардың есімдері белгілі. Әзірше Жамбыл облысы және Шымкент қаласы жалпы командалық есепте алда келеді. Қызылордадағы бокс бәсекесінің қорытындысы 27 сәуірде белгілі болады. Оның нәтижесінде биыл Бахрейндегі жастар арасындағы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.Балтаяқты спортшылардың жарысы бұл жолы Қарағандыда өтті. Лоукик спортына деген қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда көршілес елдер де осы бір спорт түрін дамытуға шындап кіріскен секілді. Сарыарақа төрінде өткен халықаралық турнирде Ресей мен Өзбекстандық лоукик шеберлері жерлестерімізге кәдімгідей қарсылық көрсетті. Тіпті Ресейден келген Анна Васильева Арайжан Бекежановадан айласын асырып туған жеріне олжалы қайтты. Өзбек Абзалбек Ахмедовтың да жеңісін жұрт көрді. Өте тартысты өткен жекпе-жекте Абзалбек Дмитрий Котлевскийден басым түсті. Ең жылдам жеңіс иесі Данияр Оңғалов. «Киокушинкай каратэнің қыр-сырын жетік меңгерген Данияр енді лоукиктен биік белестерді бағындырсам»,– дейді.