«Қайрат» футзал клубы журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді

  • 32
  • 29.04.2025, 19:06

Жұма күні Алматыда Еуропа чемпиондар лигасының төрттік финалы өтеді. «Қайрат» өз тарихында 21-ші рет осынау турнирде бақ сынап отыр және 11-ші мәрте төрттік финалға қатысады. Бұл Қазақстан футзалындағы бұрын-соңды болмаған рекорттық нәтиже. Алматылықтар осынау құрлықтық доданың екі дүркін жеңімпазы екенінде ұмытпаған жөн. Қайрат биылда топ жаруға тәуекел етіп отыр. Бірақ қарсыластардың осалы жоқ. Жартылай финалда Қайрат Испания чемпионы Картахенамен кездеседі. Ал екінші жұпта Испанияның тағы бір командасы «Пальма футзал» мен Португалияның Спортингі финалдық жолдамаға таласады. Спортинг Чемпиондар лигасының қазіргі уақыттағы чемпионы. Клуб президенті Қайрат Оразбеков біздің мақсат біреу ғана қалайда чемпион атану деп отыр. Бас бапкер Марлон Веласкода шәкірттерінің жауапты ойынға жан-жақты дайындық жүргізгенін растады. Алматылықтарды алаңға Біржан Оразов бастап шығады. Тәжірибесі толысқан Біржан жергілікті жанкүйерлер алдында аянып қалмайтынын жеткізді. Жартылай финалдық ойындар 2 мамыр күні, ал финал мен үшінші орын үшін болатын кездесу 4 мамырда Францияның Ле-Ман қаласында өтеді.

«Ұлы дала жорығы» жобасы жалғасын табады.

500 шақырымға созылатын бәйгені Алматы облысы қабылдайды. Қазірдің өзінде 20-дан аса команданың қатысатыны белгілі. Оның ішінде алыс-шақын шетелерден, атап-айтқанда Мажарстан, Қырғызстан, Түркия, Иран, Ресей және Оңтүстік Африкадан келетін құрамалар бар. Бұған қоса, еліміздің түкпір-түкпірінен командалар жиналады. Ат спортының мамандары негізгі тартыс Қырғызстан мен Қазақстан арасында болады деп болжап отыр. Қырғыздар арнайы іріктеу өткізіп, ең төзімді жылқыларын алып келе жатыр екен. Биылғы байрақты бәсекеге екі бірдей құрамасын қоспақшы. Жетісу, Жамбыл және Маңғыстау аттары бұған дейінгі бәйге-марафондарда топ жарып, жоғары нәтиже көрсеткен. «Биыл да дайындық қарқынды жүріп жатыр»,- дейді мамандар. Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» жарысы 9-14 мамыр күндері Алматы облысында өтеді. Шабандоздар күнделікті 100 шақырымнан жүріп өтеді. Былтыр «Қабардин-Балқар» командасы халықаралық жарыстың жеңімпазы атанған еді. Биыл да халықаралық форматта ұйымдастырылады және бұл жолы отандық жылқы тұқымдары бәйгенің басы болады деген болжам бар.