Облыстық прокуратура өкілдері футболшылардың трансфері мен әуе тасымалына қатысты бірқатар келісімшарттың күмәнді екендігін анықтаған. Сондай-ақ ойыншылардың ас-суына бөлінген ақшаны клуб әкімшілігі жеке қаражатындай жұмсаған. Қазір анықталған деректерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.